11:46, 15 Қаңтар 2021 | GMT +6
Қазақстанда Салық кодексіне ревизия жасалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет контрциклдық макроэкономикалық саясатты жалғастыруы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкімет экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жалғастыруы тиіс», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы фискалдық саясатты жетілдіру аясында Салық кодексін оңайлату, іскерлік белсенділік пен бәсекелестікті ынталандыру тұрғысынан ревизия жүргізу қажеттігін айтты.
«Шағын және орта бизнесті қолдауға назар аудару керек», - деді Президент.