Қазақстанда салық төлеушілерді санатқа бөлу енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық салық төлеушілердің қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу арқылы санаттау енгізіледі, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
None
None

Салық төлеушілерде тәуекелдерді бағалау жүйесін (ТБЖ) қолдануға қатысты, сондай-ақ ТБЖ жүргізу барысында ескерілетін санаттар бойынша сұрақтар жиі туындайды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептіліктің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті органдардан алған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

«Осындай талдаудың нәтижелері негізінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілерді (салық агенттерін) санаттау олардың қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу және салықтық әкімшілендірудің саралап қолдану шараларын қолдану жолымен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Салық кодексі 137-бабының 1-тармағында көрсетілген өлшемшарттардан басқа тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары құпия ақпарат болып табылады. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығымен бекітілді.

Осылай, қағидаға сәйкес, тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша салық төлеушінің қандай тәуекел дәрежесіне жатқызылғандығы туралы ақпарат жылына екі рет анықталатын болады және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жіберіледі, ал 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап аталған ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланатын болады.

Сонымен бірге, тәуекел дәрежесімен қоса, тәуекелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есептелуі туралы мәліметтер салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жіберіледі.

Егер қажет болса, салық төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына көрсетілген өлшемшарттар бойынша жібере алады (камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша түсініктемелер алу және түсіндіруді пысықтауға ұқсас).

Соңғы жаңалықтар