Қазақстанда салықтарды жинау механизмі түбегейлі өзгеріске ұшырайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда салықтарды жинау механизмі түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Салықтарды жинау механизмі түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Күрделі әрі түсініксіз қосылған құн салығын қоса алғанда сатылымға салық енгізу мәселесін тыңғылықты зерделеу қажет. Бүгінде бізде ҚҚС-ті қайтару бойынша бизнес пайда болып отыр», - деді Елбасы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, бүгінде қосылған құн салығын қайтарумен айналысатын адамдар пайда болған.
«ҚҚС бізде бар барлық салықтардан да мол салыққа айналып отыр. Яғни, сіз күрделі әрі түсініксіз ҚҚС-тің орнына сатылым салығын енгізетін болсақ, онда біз ұтысқа шығамыз», - деді Н.Назарбаев.