Қазақстанда салынып жатқан жолдар 18-25 жылға шыдас бередi

"Бiзде салынып жатқан жолдар дүние жүзiнде ең сапалы стандарттар бойынша салынуда. Бұны бiздiң есептеулер ғана емес, озық елдерден келген мамандар да дәлелдеп бере алады. Қазақстан ешбiр технологияны бiр жерден алып келiп, қолдана бермеймiз. Мысалы, Еуропаны алатын болсақ, ол жақта ешқашан қыс болмайды. Кейбiр технологиялар минустық температурада мүлдем жұмыс жасамайды. Жолдың сапасы қатты төмендейдi. Қандай технология болса, бiз оны алып келiп, алдымен зертханада тексерiп, одан кейiн бiздiң табиғи ерекшелiктерiмiздi есепке ала отырып, қай аймаққа саламыз, соған бейiмдеп, жол құрылысына пайдаланамыз", - деп атап өттi ол.
"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолын алатын болсақ, шамамен оның жартысы - 1400 шақырымы шағылтас мастикалық асфальт бетонымен салынуда. Ол бiздiң табиғи ерекшелiгiмiзге сай бейiмделген. Битумға арнайы қоспалар қосылған. Минералдық ұнтақ, шағылтас, құм - барлығы жергiлiктi материалдар. Жолдар қазақстандық материалдармен және отандық технологиялармен төселуде. Асфальт-бетонмен салынып жатқан жолдар 18-20 жылға дейiн шыдайды, ал цемент-бетон бөлiгi 20-25 жылға жетедi", - деп түйдi сөзiн Б. Телбаев.
Айта кетейiк, 2020 жылға дейін Қазақстанда 7,5 мың шақырым республикалық жолдар салынады және реконструкцияланады. Онда шамамен 200 мың жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Қазiргi уақытта Астана-Теміртау, Ақтау-Бейнеу, Астана-Павлодар және Алматы-Қапшағай автожолдары қайта салынуда. Бұл жолдардың реконструкциясы 2016 жылы аяқталады. Павлодар-Семей, Қызылорда-Жезқазған және Қалбатау-Өскемен жолдарын қайта салу келесі жылы басталады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі келесі жылдың өзінде-ақ ашылатын болады.