Қазақстанда санитарлық авиация, жедел жәрдем және телемедицина бір ұйымға біріктіріледі

Министрдің айтуынша, санитарлық авиация, жедел жәрдем мен телемедицина бағыттары мыңдаған тұрғынға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Алайда, ескірген материалдық-техникалық база, көмектің бірыңғай стандарттарының және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың болмауы, бұл қызметтердің шашыраңқылығы, мобильдік медицина ұсынатын қызметтер сапасының қауіпсіз еместігі мен жылдамдығы тұрғысында тәуекел тудырады.
«Осыған байланысты тиісті ұсыныс әзірленді. Біріншіден, Республикалық санитарлық авиация орталығының Республикалық біріктірілген медициналық жедел жәрдем көмегі орталығына трансформациясы қамтылған. Яғни осы орайда санитарлық авиацияны, жедел жәрдем, стационарлық жедел жәрдем көмегі, жылжымалы медициналық кешендер, жолдардағы құтқару пунктерін, сондай-ақ телемедицина үйлестіріледі», - деді министр.
Екінші ұсыныс бірыңғай диспетчерлік орталығын құруға қатысты болып отыр.
«Үшіншіден, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде жеке инвестицияларды немесе стратегиялық әріптестерді тарту жолымен көлік пен жабдықтарды медернизациялауды қарастыратын инфрақұрылымды дамытуға мән берілмек», - деп түйді Т. Дүйсенова.