Қазақстанда сапалы индустриялық жобалар жетіспейді

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда сапалы индустриялық жобалар жетіспейді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
None
None
«Біз картаға қабылдау талаптарын күшейткен кезде жобалардың тапшылығын байқадық. Яғни, сапалы жақсы жобалар аздап түсе бастады», - деді министр. Оның сөзінше, биыл өңірлерден 200 жаңа жоба ұсынылып, олардың жартысы талаптарға сәйкес болмағандықтан, тиісті сұрыптаудан өте алмады. «Атап айтқанда, біз сапалы жақсы жобалардың тапшылығын көріп отырмыз және бұл, шынымен де, мәселе. Өңірлерде бизнеспен, инвесторлармен жұмыс істеп, оларға жағдай жасау қажет. Өнім шығаратын жоғары технологиялы жобалар пайда болуы үшін жұмыс істеу керек», - деп түйді ведомство басшысы.
Соңғы жаңалықтар