Қазақстанда сәрсенбі күні ауа сапасы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қараша күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда сәрсенбі күні ауа сапасы қандай болады

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тек Балқаш және Теміртау қалаларында ауада зиянды заттардың шоғырлануына ықпал етеді. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.