Қазақстанда сайлау алды үдеріс тыныш өтіп жатыр - Д.Әшімбаев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлемдегі экономикалық жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Қазақстанда сайлау алды үдеріс тыныш өтіп жатыр. Барлық кандидаттар ұйымдастырушылықтың жоғары дәрежесін көрсетіп отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне саясаттанушы Данияр Әшімбаев мәлім етті.
ҚР Президенттігіне үміткерлер жақсы үгіт-насихат науқанын жүргізді, ұсынған бағдарламалары да жаман емес. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, соның ішінде саяси реформалардың көмегімен дамытуға көп көңіл бөлді. Өзге үміткерлер де идеяларымен бөлісті. Тұрғын Сыздықов батыстың өміріндегі жағымсыз тұстарын қоғамымызға енгізбеу туралы айтса, Әбілғазы Құсайынов экологиялық мәселелерді көтерді.
Мұндай бағдарламалар Қазақстанның келісім мен тұрақтылық, көпвекторлы саясатқа негізделген экономикалық, әлеуметтік, саяси мәдениетін көрсетеді. Меніңше, бұл қоғамның саяси мәдениетінің және ортақ құндылықтарға деген сенімінің жоғары екенін білдіреді.