Қазақстанда сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Сайлау жүйесін жетілдіру» бағыты бойынша 1 іс-шара іске асырылатын болады.

«Елді одан әрі саяси жаңғырту мақсатында сайлау жүйесінің пропорционалды-мажоритарлық моделі енгізілетін болады. Ол 70/30 қатынасында Мәжіліс құрудың аралас жүйесін көздейді. Яғни депутаттардың 70 пайызы партиялық тізімдер бойынша, 30 пайызы мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын болады. Сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына – мажоритарлық жүйе бойынша 50, партиялық тізімдер бойынша 50 пайыз, аудандар мен қалалардың мәслихаттарына – мажоритарлық жүйе бойынша сайланады», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар