Қазақстанда сайлауалды науқаны әрі мазмұнды әрі тыныш өтті - «Власть» баспа үйінің редакторы В. Абрамов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауына дайындық науқаны мазмұнды әрі тыныш өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Власть» баспа үйінің редакторы Вячеслав Абрамов мәлім етті.
«Елімізде биылғы сайлау науқанын Қазақстанда бұған дейін болған сайлаулардың ішіндегі ең тыныш өткен науқан деуге болады. Мұның себептері көп. Солардың бірі - кандидаттардың бірқатарының сайлауға дейін халыққа аса танымал болмауы. Бірақ ең басты себеп - сайлау нәтижесінің айқындығы», - деді В. Абрамов.
Бірақ, сарапшының айтуынша, бұған қарап бұл сайлауалды науқанын сылбыр өтті деуге болмайды. Өйткені, бұл сайлау бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен баяндалды. Сондай-ақ үміткерлер өздерінің тұғырнамаларын, бағдарламаларын таныстыру үшін сайлаушылармен көптеген кездесулер өткізді.
«Сондықтан, қысқаша айтқанда бұл сайлауалды науқанын жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп айтуға болады» - деді «Власть» баспа үйінің бас редакторы.