Қазақстанда сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалғаны қатты қуантты - Италия байқаушысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалғаны қатты қуантты. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында Италия сенаторы, НАТО парламенттік Ассамблеясы делегациясының мүшесі Франко Паницца мәлім етті.

Қазақстанда сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалғаны қатты қуантты - Италия байқаушысы

«Біз бүгін сайлауға дауыс беруге келген xалықтың жоғары белсенділігін көріп отырмыз. Өз дауыстарын жастар жағы да көп беріп жатыр. Жастармен қатар егде жастағы азаматтар да келіп жатты», - деп атап өтті Ф. Паницца.

Оның айтуынша, сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандардың да қатары көп.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көп жағдайлар жасалғаны бізді қатты қуантты. Сонымен қатар шетелде тұратын қазақстандықтарға дауыс беруге барлық мүмкіндіктер берілген. Олар өз таңдауларын жасай алады. Бізді барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы да жақсы пікірде қалдырып отыр. Дауыс беру процесінде тәртіп бар», - дейді Италиядан келген байқаушы.

Оның атап өткеніндей, xалықаралық байқаушылар өздерінің жұмыстарында сайлаудың тек жағымды өтіп жатқандығын ерекше атауда.