Қазақстанда шалғай ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған «Денсаулық жолы - 2015» кең ауқымды акциясы өтеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда шалғай ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі

Акция аясында терапевт, фтизиатр, басқа да мамандардан құралған жедел топ елдің шалғай ауылдарын аралайды. Ауыл тұрғындары туберкулез ВИЧ/АИТВ сияқты әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу бойынша консультация алып, тегін тексеруден өте алады.

Шара мақсаты жұртшылық пен мемлекеттік органдардың назарын ауылдықтардың денсаулығын сақтау мен нығайту, оларға салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, мінез-құлық тәуекел факторларының таралуын төмендету мәселелерінде ауыл халқына ақпараттық, білім беру, практикалық көмек көрсету проблемасына назарын аудару болып табылады.