Қазақстанда шегірткені жоюға арналған дрон сатып алынады

дронмен у себу
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда шегірткенің таралуына тосқауыл қою бағытында дрондар пайдаланылады. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин айтты.

«Келесі жылы шегірткенің таралу аумағы елімізде азаяды деп үміттенемін, яғни енді 2,5 млн гектар емес, одан да аз болады. Осыған күш салып жатырмыз», - деді С. Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы ретте Премьер-Министрдің орынбасары аталған зиянкестермен тиімді күресу мәселесіне тоқталды.

«Тиісті жабдықтарды сатып аламыз, яғни келесі жылдың бюджетінде 100-ге жуық дрон ескеріледі. Осы техниканың жердегі шегірткені анықтайтын арнайы бағдарламасы болады. Осы арқылы зиянкестерді нақты анықтап, оларды жоюға бағытталады. Бұл дронның Ақтөбе облысындағы жұмысы көрсетілген еді. Содан дронның тиімді жұмысын байқауға болады», - деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін шегірткеге қарсы күрес шараларына 2,5 мыңнан астам адам жұмылдырылғаны хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram