Қазақстанда шекара қауіпсіздігіне қатысты жаңа құжатты дайындау мәселесі пысықталып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа бағдарламалық құжатты дайындау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы елордада Бүкілармиялық кеңестің отырысында ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ушығып келе жатқан геосаяси шиеленіс пен гибридті қақтығыстардың таралуы жаңа сын-қатерлерге алып келеуі мүмкін. Бұл жағдай шекара қауіпсіздігін нығайту бойынша кешенді іс-шара қабылдауға міндеттейді. Осыған орайда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында жаңа бағдарламалық құжатты дайындау мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді Ерлан Алдажұманов.

Оның айтуынша, бұл құжатты жүзеге асыру шекаралық аумақта ұлттық мүддені қорғау жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, шекара қызметінің одан әрі дамуына тың серпін береді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Бүкілармиялық кеңестің отырысы басталды.

Президент отандық қорғаныс өнеркәсібінде шығарылатын өнімдер қатарын кеңейтуді тапсырды.

Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов шекараны күзетудің жаңа техникалық құралдары сынақтан өтіп жатқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар