Қазақстанда шекараны кесіп өту тәртібі өзгертілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда шекараны кесіп өту тәртібі өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

ВАК бірқатар шешімі бойынша мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді:

-ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;

-ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін.

Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).

Еске сала кетсек, 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.


Соңғы жаңалықтар