Қазақстанда шетел инвесторлары қандай қиындықтарға тап болып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қаңтары мен қарашасы кезеңінде Инвестициялық омбудсменге шетелдік және отандық инвесторлардан 45 жаңа өтінім келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінен хабарлады.
None
None

«2016 жылдың қаңтар-қарашасында Инвестициялық омбудсменнің атына шетелдік және отандық инвесторлардан 45 жаңа өтінім келіп түсті. Оның ішінде 40 пайызға жуығына қатысты оңтайлы нәтиже бар, 30 пайызы соттың талқылауына байланысты қарастырылмайтын болды, ал қалғандары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-делінген ведомство жауабында.

Комитет өкілдері инвесторлар көбінесе салықтық, кедендік және еңбек заңнамасы бағыттарында қиындықтарға тап болатынын, сондай-ақ лицензиялау мен жер қатынастары саласында кедергілер бар екендігін жеткізді.

Инвесторлар өтінімдерін қарастыру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді. Осы ретте ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген көрінеді. Бүгінде аталған пікірлерді назарға ала отырып, еліміздің заңнамасын жақсарту мәселелері тыңғылықты қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің қаулысымен инвестициялық омбудсмен қызметін атқаруда.

Соңғы жаңалықтар