Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен 8 мыңға жуық компания жұмыс жасайды - ҚР Үкімет басшысы

АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан шетелдік инвестицияны қорғау және ынталандыруға қатысты әлемнің 148 елімен екіжақты келісімдер жасады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін Алматыда өтіп жатқан І Халықаралық инвестициялық форум барысында айтты.

Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен 8 мыңға жуық компания жұмыс жасайды - ҚР Үкімет басшысы

«Бүкіләлемдік банктің рейтингі бойынша Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Жинақталған шетелдік тікелей инвестиция 2012 жылы жан басына шаққанда 6,5 мың долларды құрады. Біз бұл көрсеткішпен бұрынғы кеңестік кеңістікте бірінші орындамыз», - деді С.Ахметов. Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен 8 мыңға жуық компания жұмыс жасайды. Оның ішінде әлемдегі ең үздік 500 компанияның қатарына кіретіндер де бар.