Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тарту мемлекеттік жылсайынғы квотамен шектелген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жерін жалға алушы шетелдік жер пайдаланушы өзінің отандастарын бірлескен жұмысқа тарта ала ма?
Ресми дереккөздің мәліметінше, Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тарту мемлекеттік жылсайынғы квотамен шектелген және тек ғана білікті жұмысшыларға таратылады. 2016 жылы квота 63 мыңды адамды құрады және қазақстандық жұмысшылар санының 0,7%-нан аспайды. Шетелдіктердің біздің елімізде болу рұқсаттарының жарамдылығы жылдан аспайды, мерзімі өткен кезде олар Қазақстаннан кетеді.
Бұдан басқа, шетелдік жұмысшылардың саны осы немесе өзге кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалпы санының 10% - нан аспауы қажет. Бұл норма тек қана жұмыс берушілерге таратылады.