Қазақстанда шетелдік төрт ЖОО-ның филиалы ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Шетелдік танымал 12 университеттің филиалы Қазақстанда ашылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

университет
Фото: euronews.com

«Қазақстанда қазірдің өзінде мықты шетелдік университеттердің 12 филиалы ашылды. Биыл тағы төртеуі ашылады. Біріншіден, өте жақсы жаңалық бар. Гонконг қалалық университеті (City university of Hong Kong) әлемдік рейтингте 82-орында. Оның филиалы Сәтбаев университеті базасында жұмысын бастайды», - деді С. Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол Алматыда Пенсильвания университетінің филиалы ашылатынын айтты.

«Аграрлық университеттің базасында бұрыннан аты шыққан Ташкент ирригация инженерлері институты ашылады», - делі министр.