Қазақстанда шілде айында жұмыссыздық деңгейі 4,9 % құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың шілде айында Қазақстандағы жұмыссыздар саны 442,5 мың адамды құрады. Бұл жалпы еңбек күшінің 4,9% пайызы (осы жылдың маусым айында - 4,9 пайыз), деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
2018 жылғы маусымның соңына Қазақстандағы жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде ресми тіркелгендер саны 154,6 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халық санына шаққанда 1,7 пайыз деңгейінде болады.
2018 жылғы шілде-маусым айларында жасырын жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды немесе еңбек күшінің санына шаққанда 25,9 мың адамды құрады.
Республика экономикасында шілде айында 8,7 млн адам жұмыспен қамтылған. Аталмыш кезеңде жұмыспен қамтылған халықтың ішінен жалдамалы жұмысшылар 6,6 млн немесе жалпы еңбек күшінің 76,1 % құрады.
Үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығы бойынша алдын ала берілген мәліметке сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы көлемінен өнімді жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 90, 3 пайыз, ал өнімсіз жұмыс жасап жатқандар деңгейі 9,7 пайызды құрады.