Қазақстанда шілде айында құрғақшылық қаупі бар өңірлер аталды

АСТАНА.KAZINFORM — Шілде айында ауа температурасы жоғарлаған сайын құрғақ құбылыстарға бейім аудандардың ұлғаю ықтималдығы сақталады, жауын-шашын көбінесе жергілікті және қысқа мерзімді болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.

Қазақстанда шілде айында құрғақшылық қаупі бар өңірлер аталды
Фото: Kazinform\ жасанды интеллект

Алдын ала болжамға сәйкес шілдеде бірқалыпты құрғақшылық жағдайлар күтіледі:

Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;

Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Куршим, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында және Шемонаиха мен Өскемен қаласы маңайларында;

Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы және Жаңасемей аудандарында;

Алматы облысының Балхаш және Жамбыл аудандарында;

Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;

Жамбыл облысының Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;

Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;

Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Бірқалыпты ылғалдылық болжанады:

Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;

Ақтөбе облысының Мартук, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.

— Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтіледі. Алдын ала болжам қажет болған жағдайда нақтыланатын болады, — делінген хабарламада.

Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.

Айта кетейік, алдағы үш күнде ел аумағында циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.