Қазақстанда шөп және пішен тек 13-15 пайыз ғана дайындалған - Ауыл шаруашылығы министрлігі

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда шөп және пішен дайындығы тек 13-15 пайыздық деңгейде атқарылған.

Қазақстанда шөп және пішен тек 13-15 пайыз ғана дайындалған -  Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бұл туралы бүгін Астанада «Ветеринарлық қауіпсіздік - Қазақстанның мал шаруашылығын тұрақты дамытудың негізі» атты конференцияда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

 «Біз кеше арнайы селекторлық жиын өткіздік. Кейбір аймақтарда шөп және пішен дайындығы қажетті көлемнен аз, тек 13-15 пайыздық деңгейде атқарылған. Соған орай бұл жұмысты ширату бағытында тиісті тапсырмалар берілді. Жалпы бұл салада проблема бар, әсіресе жеке шаруашылықтарда. Фермерлік шаруашылықтардың көбінде былтырғы жылдан қалған шөп пен пішен қоры сақтаулы тұр», - деді А. Мамытбеков.