Қазақстанда шығарылған жаңа көліктер қаншалықты өтімді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 11 айда Қазақстанда 29 209 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 185,1 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 87 пайызға өсіп, 27 273-ке жетті.

11 айда Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (11 794 көлік), Hyundai (7 355), KIA (2 426), JAC (1 096) және Chevrolet (958) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Skoda (738), Ravon (552), Peugeot (150), SsangYong (14) бар екенін атап өткен жөн.

Аталған мерзімде 3 087 автомобильді жеңілдікті автонесиелеу мембағдарламасына қатысқандар сатып алды.

Соңғы жаңалықтар
telegram