Қазақстанда соңғы 3 жылда 27 судья сотталды
АНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстанда соңғы 3 жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін 27 судья сотталды.
Бұл туралы бүгін елордадағы «Сот билігінің тәуелсіздігі: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық конференцияда ҚР Жоғарғы соты Кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков мәлім етті.
Кеңес төрағасы атап көрсеткендей, сот саласында сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары өз нәтижесін беруде. «2007 жылы 10 судья сотталса, 2008 жылы - 7, 2009 жылы - 8, ал 2010 жылы 2 судья жауапқа тартылды. Уақыт өте келе, бұл көрсеткіш мүлдем жоққа шығады деген сенім бар», - деді О.Жұмабеков.