Қазақстанда соңғы 3 жылда мүгедекке алғаш шығу көрсеткіштері елеулі түрде төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде соңғы 3 жылда мүгедекке алғаш шығу көрсеткіштері елеулі түрде төмендегенін, 2011 жылы 10 мың тұрғынға шаққанда бұл көрсеткіш 28,9-ді құраса, 2013 жылы 28,2-ге тең болғанын атап өтеді.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Мүгедектік тобына жататын азаматтар арасында зейнетақы жасындағылардың үлесі артуда. Мұндай жағдай күтілген өмір сүру ұзақтығымен және туа біткен ауруы бар балалар санының ерте бастан анықталуы артуына байланысты болып отыр.

Балалар хирургиясының, сондай-ақ, кардиохирургияның белсенді дамуы нәтижесінде 60 мыңнан астам қазақстандықтың өмірі сақталып қалды. Бұрындары ол азаматтар үшін аталған ем түрлерін ел ішінде алу мүмкін емес еді. Тек 2013 жылы 1100-ге тарта балаға ота жасалып, 2012 жылмен салыстырғанда операциялық белсенділік 1,5 есеге артты. Туа біткен даму ауруларына жасалған аса күрделі операциялардан кейін тірі қалу көрсеткіші 83%-ға жетті.

Осы орайда операциядан кейін қалпына келу тиімділігі әлеуметтік және білім мәселелерімен айналысатын барлық құрылымдардың қызметіне байланысты екенін атап өту қажет.

Соңғы жаңалықтар