18:03, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде экстремистік және террористік ұйымдарға қатысы бар 70 шетелдік ұсталды - Бас прокуратура
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 2008-2013 жылдар аралығында террористік қылмыстар үшін сотталғандардың саны 27-ден 171-ге дейін, ал экстремистік қылмыстары үшін сотталғандардың саны 56-дан 168-ге дейін өскен.

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында талқыланып жатқан 2013-2017 жылдарға арналған ҚР Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының жобасында жазылған.
Сонымен қатар, жобаның деректері бойынша, соңғы 5 жылда Қазақстан аумағында халықаралық экстремистік және террористік ұйымдарға қатысы бар 70 шетелдік азамат ұсталған.