Қазақстанда соңғы 5 жылда 160 «жалған лаңкес» қылмыстық жауапкершілікке тартылған - прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы 5 жылда 160 адам «жалған лаңкестік» әрекеті үшін жазаға тартылған, деп хабарлайды Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазақстанда соңғы 5 жылда 160 «жалған лаңкес» қылмыстық жауапкершілікке тартылған - прокуратура

Ведомствоның мәліметінше, соңғы жылдарда телефон арқылы хабарласып, орнатылған жарылғыш зат туралы жалған ақпарат тарату әрекеті жиілеп кеткен.

«ҚР ҚК-нің 242 бабымен қарастырылатын қылмыс ретінде террористік акт жайында көрінеу жалған ақпарат тарату екі жүзден бес жүз АЕК көлемінде айыппұлмен немесе жеті жылға дейін бас бостандығын шектеумен, я болмаса алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі, сондай-ақ, аталған бабтың санкиясы қатаңдатылып, бұл әрекеттер аса ауыр қылмыстар санатына енгізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір заманауи техникалық мүмкіншіліктердің арқасында осындай қылмыстар ізі суымай ашылып, айыптылар заң бойынша жазаларын алуда.