Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде нәрестелер өлімі 2 есеге азайды - ҚР ДСМ

Жиынға өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының, Комитеттердің аумақтық департаменттерінің және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Штаб отырысында ағымдағы жылдың 11 айындағы нәрестелер өліміне қатысты жағдай қарастырылды.
Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде нәрестелер өлімі 2 есеге, ал ағымдағы жылдың 11 айында 16% азайды. Дегенмен, Министр педиатр және акушер-гинеколог дәрігерлердің біліктілігін әрі қарай көтеру қажеттігіне назар аударды.
Салидат Қайырбекова жергілікті жерлерде денсаулық сақтау басқару органдары басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап көрсетті.
Нәрестелер өліміне қатысты барлық материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген. Министр Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитетіне балаларға медициналық көмек көрсету стандарттарын орындау барысына мониторинг жүргізуді күшейтуді тапсырды.