Қазақстанда соңғы екі жылда темекі индустриясы нарығының көлемі 25 пайызға төмендеді - Ж. Садықова (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанда соңғы екі жылда темекі индустриясы нарығының көлемі 25 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» Ұлттық коалицияның көшбасшысы Жамилә Садықова мәлім етті.
None
None

«Темекі өнімдері сатылымының соңғы екі жылда 25 пайызға төмендеп кетуі бірнеше факторларға байланысты болып отыр. Мысалы, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынуы және темекі қораптарына қорқынышты суреттердің басылуы бұған елеулі әсер етті. Ал осы жерде қорқынышты суреттердің әсері қалай болды? Ол үшін ауқымды зерттеу жүргізу қажет. Бірақ, тайландтық тәжірибеге сүйенуге болады. Өйткені, біз Қазақстанда 2012 жылы темекінің зияндылығы туралы қорқынышты суреттерді енгізгенде дәл осы тайландтық тәжірибені басшылыққа алғанбыз. Сонымен, темекі қораптарына жаңа қорқынышты суреттер басылған кезде, темекі шегушілердің 4 пайызы, яғни жаңадан темекіге әуестеніп жүргендер сол мезетте темекіні тастап кетеді. Ал 20 пайызы үш жыл ішінде тастайды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының деректері бойынша Қазақстанда соңғы 4 жыл ішінде темекі шегушілер қатары 6 пайызға азайған», - деді Ж. Садықова.

Өз кезегінде Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Галина Булыгина темекіге әуес алматылықтар қатарының да азайып жатқандығын жеткізді.

«Алматыда дәл қазіргі таңда ересек тұрғындардың 14 пайыздан астамы темекі шегеді. Олардың қатары біртіндеп азайып жатыр. Егер 2014 жылы тұрғындардың 18,2 пайызы темекі шеккен болса, өткен жылы бұл көрсткіш 17 пайызға түсті», - деді Г. Булыгина.
3 2

Соңғы жаңалықтар