Қазақстанда соңғы жылдары келісілген матчтар болған жоқ - ҚФФ
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры Олжас Абраев Қазақстанда соңғы жылдары келісілген бірде-бір матч болмағанын мәлімдеді.
Бұл туралы ол Nur.kz порталының оқушыларына берген сұхбатында айтты.
«Сіздер білетіндей, жемқорлықпен күрес - ҚФФ қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. Соңғы жылдары Қазақстанда өткен бірде-бір матч келісілген сипатта болған емес. Түрлі сипаттағы журналистік немесе жанкүйерлік болжамдар бар, алайда шүбә келтіріп, ҚФФ-ға арызданған ешкім болған жоқ», - деді ол.