Қазақстанда сот-психиатриялық сараптаманы Әділет министрлігі жүргізетін болды

«Бір аптадан кейін сот-психиатриялық сараптама жүргізу біздің құзыретімізге өтеді. Осылайша, Әділет министрлігі аясында барлық сараптау мекемелерін біріктіру үдерісі аяқталады. Біріктіру жүріп жатқандықтан біз елдегі сот-сараптау қызметін дамыту тұжырымдамасын әзірледік», - деп атап өтті ол, бүгін «Жекеменшік сот сараптамасы институтын дамыту» тақырыбында өткен дөңгелек үстел жиынында.
Оның айтуынша, осы тұжырымдаманы іске асыру аясында «Сот-сараптау қызметі туралы» Заңының жаңа жобасы әзірленді. Бұл заң жобасында жекеменшік сот-сараптау қызметін дамытуға ерекше назар аударылады.
Аталған шараны ҚР Әділет министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, «Қазақстанда қылмыстық әділ сотты жетілдіру» Еурпалық одағының жобасының қолдаумен және «Нұр Отан» партиясының құқықтық кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды.