Қазақстанда СПИД-ке қарсы жаңа науқан басталды

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда СПИД-ке қарсы науқан басталды. Іс-шараны Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ұлттық орталығы мен ЖИТС-тің (СПИД) алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл шара 1 желтоқсанда өтетін Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орайластырылуда.
None
None

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ұлттық орталығының директорыЖәмила Баттақованың айтуынша, мақсат - қоғамның назарын ВИЧ\СПИД мәселесіне аудару, халықтың ақпарат білу деңгейін арттыру, қоғамдық көзқарасты қалыптастыру, профилактикалық бағдарламаларға қолдау көрсету. Қазақстандағы ВИЧ індетінің таралу жағдайы індетті жұқтыру қаупі жоғары топтарда шоғырланған кезеңге сәйкес келеді, 15-49 жас аралығындағылар арасында індеттің таралу деңгейі 0,2 пайыздан аспайды. Бұл Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы орташа деңгейден бірнеше есе төмен. Жоспарлы іс-шараларды өткізудің нәтижесінде ВИЧ індетіне шалдығу соңғы жылдары тұрақталды және 2008 жылғы 15,0 көрсеткішінен (100 мың адамға шаққанда 2335 оқиға) 2012 жылы (100 мың адамға шаққанда 2015 оқиға) 12,0 көрсеткішіне дейін төмендеді. Ретровирустарға қарсы дәрілерді қолданудың нәтижесінде 2006 жылдан бері СПИД-тің салдарынан көз жұмудың көрсеткіші 2,3 есеге азайған (2006 жылғы көрсеткіш - 1000 адамға шаққанда 24,2 оқиға болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 10,4 оқиғаны құраған).

СПИД-ті алдын алу және оған қарсы күресу бойынша республикалық орталықтың бас директоры Марат Түкеевтің сөзіне қарағанда: «ВИЧ індетінің жұғу жолдарына қатысты айтар болсақ, тамырға салынатын есірткілерді тұтынатындар арасында ине салу жолымен таралатын ВИЧ індетінің меншікті салмағы 2008 жылғы 60 пайыздан 2012 жылы 38,2 пайызға дейін төмендеген. Ал жыныстық жолмен таралатын індеттің меншікті салмағы 2008 жылғы 29 пайыздан 2012 жылы 57,8 пайызға дейін артқан».

Соңғы жаңалықтар