Қазақстанда спиртті ішімдіктер қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қаулысымен 2018 жылы спиртті ішімдіктердің бағасы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаулыға сәйкес, 1 литр арақтың және өткір ликер-арақ өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 2018 жылы 1 900 теңге етіп белгіленді.
Аталған қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қаулының толық мәтіні ресми БАҚ-та жарияланды.
Фото: ria.ru