Қазақстанда спорт түрлерін саралау жүйесін енгізу ұсынылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» хаң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда спорт түрлерін саралау жүйесін енгізу ұсынылуда

Заң жобасында спорт түрлері бойынша бюджет қаржысының теңгерімді бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында спорт түрлерін саралау жүйесін енгізу көзделген.

«Бюджетті бөлген кезде спорт түрлерін саралау критерийлері ескерілетін болады. Саралау көрсеткіштерін айқындаудың негізгі критерийлеріне мыналар жатқызылады: халықаралық жарыстардағы спорттық жетістіктері, спорт түрінің ұлттық-мәдени «дәстүрлілігі», кадрлық әлеуеттің болуы, материалдық-техникалық базаның болуы, спорт түрі ерекшелігінің өңірдің ауа райы жағдайын бейімділігі», - деді заң жобасын тарыстырған елімізідң Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков.

Бұған қоса заң жобасында өкілетті органның құзіретіне спортың басым түрлерінің тізілімін бекіту, спорт түрлерін саралау ережесі, Қазақстандағы басымдықты спорт түрлерінің өңірлік тізілімін жергілікті атқарушы органдармен келісу қызметтерін қосу қарастырылған.

Ал жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне тек бұқаралық және ұлтық спорт түрлерін ғана емес, сонымен бірге мүгедектердің спортын да дамытуды қамтамасыз ету, спорт түрі бойынша Қазақстанның құрама командасы сапына кіретін спортшыға және олардың жаттықтырушыларына берілетін айлық көлемін әзірлеу және бекіту қызметі кіретін болады. 

«Заң жобасы қабылданған жағдайда Қазақстанда спортты қаржыландырудың өзіндік моделі әзірленеді. Ол республикалық және облыстық деңгейде спорт түрлеріне шынайы әрі тәуелсіз қаржы бөлуді кепілдендіретін болады. Аталған заң жобасын қабылдау мемлекеттік шығыстардың артуына немесе мемлекеттік кірістердің қысқаруына әкеп соқпайды. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жне құқықтық теріс салдары жоқ», - деді Мұсайбеков.