16:00, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қазақстанда спорт журналистерінің қауымдастығы құрылады - ҚР Туризм және спорт министрлігі
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанда спорт журналистерінің қауымдастығы құрылады.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.
«Спортты халық арасында насихаттауды БАҚ өкілдерінсіз жүргізу өте қиын. Сондықтан бiз 4 желтоқсан күні спортты дамыту, оны қалың бұқараға насихаттау бағытында ҮЕҰ-лардың жұмысын ширату үшін Қазақстанның спорт журналистері қауымдастығының құрылтай конференциясын өткiземiз», - деді Е. Қанағатов.
Қауымдастықтың құрылтай конференциясын өткізу туралы ең алғашқы ой тамыз айында 1-ші қазақстандық спорт форумы барысында айтылды. Сол жерде ҚР Спорт журналистерінің қауымдастығын құру жөніндегі бастамашыл топ жасақталды.