Қазақстанда спортпен айналысып дене шынықтырушылар саны едәуір артып отыр - Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда спортпен айналысып дене шынықтырушылар саны едәуір артып отыр.

Қазақстанда спортпен айналысып дене шынықтырушылар саны едәуір артып отыр - Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің осы мәселемен байланысты соңғы 3 жылдағы жағдайға жүргізген зерттеулері осыны көрсетіп отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы Әлішер Пірметов мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, елдегі спортпен тұрақты шұғылданатын азаматтар саны 2009 жылғы 16 пайыздан, яғни 2,5 миллион адамнан 2011 жылы 20 пайызға дейін артқан.