Қазақстанда спорттық көліктер шығарыла бастады

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат -  «АЗИЯ АВТО» қазақстандық автокөлік құрастыру зауыты KIA Cerato Koup моделінің үш есікті шектелген партиясын шығарды.

Қазақстанда спорттық көліктер шығарыла бастады

Бұл көлік қазақстандық автоөнеркәсіптегі спорттық купе сегментінде алғашқы болып табылады.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, бұл Cerato Koup (Черато Куп)  купесі KIA Cerato седанының базасында шығарылып отыр. Аталған көлікке спорттық негіз беру үшін оның жабдықтары жеңілдетілді, кейбір құрылғылары күшейтіліп, жетілдірілген. Купе седаннан бірнеше сантиметрге қысқалау болса да,  оның салонында  5 адам емін-еркін отыра алады екен. Сондай-ақ оның  артқы жүк бөлімі 440 литр көлемді құрайды.

Қазақстандық Cerato Koup 156 ат күші бар 2 литрлік бензиндік қозғалтқышпен жабдықталмақ.