Қазақстанда спорттық медицина тұжырымдамасы әзірленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда спорттық медицина тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда. Бұл жайында бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлім етті.
«Агенттік бірқатар нақты шаралар қабылдауда. Біз жаңа редакциядағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасын Парламентке енгіздік. Ертең ол Сенатта қаралады. Заң жобасында спорттық медицина мен ғылымға қатысты бап қосылған. Оны қабылдағаннан кейін спорттық медицина мен ғылым бойынша шамамен 50 заңға тәуелді акті қабылданады», - деді ол.