Қазақстанда сым телефон қолданатын 2,1 млн абонент қана қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Байланыс қызметінің көлемі өткен жылы 7,1% өсті, деп хабарлайды ұлттық статбюро. 

телефон
Фото: Pexels

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында байланыс қызметтерінің көрсетілген көлемі 1,2 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1% артық.

Негізгі байланыс қызметтері:

интернет желісінің қызметтері — 556,7 млрд теңгеге (өсім -16,2%)
ұялы байланыс қызметтері — 259,7 млрд теңгеге (өсім — 4,1%)
басқа телеком қызметтер — 247,3 млрд теңгеге (өсім — 3,9%)

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген телефон желілерінің саны 5,6% қысқарып, 2,1 млн болды. 

Ұялы байланыс абоненттерінің саны 12 айда 0,7% өсті.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда барлығы 25,2 млн ұялы байланыс абоненті бар. 

Тұрақты интернетті 3 миллион абонент пайдаланады (өсім 5,9%).

Соңғы жаңалықтар