Қазақстанда су институтын құру қажет

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда су институтын құру қажет.
None
None

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров осылай айтты.

«Білікті кадрлар дайындау үшін толыққанды су институтын құру қажет. Кеңес одағы кезінде Жамбыл гидромелиоративті институты жұмыс істеген болатын. Қазір ол Тараз мемлекеттік университеті жанындағы факультетке айналды. Су саласына ірі инвестицияның ұсынылып отыруына байланысты Қазақстанның өңірлерінің бірінде мамандандырылған институт құру қажеттігі туындап отыр», - деді Н.Қаппаров.

Соңғы жаңалықтар