Қазақстанда су қоймаларына 127,7 млн шабақ жіберілді

«Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық өсіру кәсіпорындары 2017 жылы 127,7 млн дана құнды балықтардың шабақтарын өсіріп, балық шаруашылығы су айдындарына жіберді», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, Атырау бекіре балық өсіру зауыты - 3,5 млн дана бекіртұқымдас, Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты - 3,5 млн дана бекіртұқымдас, Қамыстыбас балық питомнигі - 15,22 млн дана тұқы, ақ амур және дөңмаңдайдың біржазғы және екіжылдық шабақтарын, Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы - 8,4 млн дана тұқы, ақ амур және дөңмаңдайдың біржазғы шабақтарын, Петропавл балық питомнигі 54,4 млн дана ақсаха дернәсілі және тұқы дернәсілі мен біржазғы шабақтарын жіберген.
Бұдан басқа, жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуіне байланысты 2017 жылы бәсекелестік ортада орналастырылды. Айталық, конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша жеке меншік балық өсіру кәсіпорындары 42,7 млн дана құнды балық түрлерінің шабақтарын өсіріп, табиғи мекен ету ортасына жіберді.
АШМ хабарлауынша, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су айдындарын балықтандыру бойынша 2018 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс жарияланған. Балықтандыру көлемі жалпы құны 225 115 мың теңгенің 45 млн дана құнды балық түрлерінің шабақтары (ақсаха дернәсілдері, тұқы, ақ амур және дөңмаңдай балықтарының біржазғы шабақтары).