Қазақстанда Су ресурстары проблемалары жөнінде ғылыми-талдау орталығы құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су саласында қабылданатын шешімдердің ғылыми негіздемесін қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ол үшін Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында Су ресурстары және су шаруашылығы проблемалары жөніндегі ғылыми-талдау орталығы құрылатын болады», - деді Досбол Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

Маманның айтуынша, аталған шараларды қабылдау еліміздің су саласының жағдайын едәуір жақсартуға және Қазақстанның су қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Досбол Бекмағамбетов Су ресурстары комитетінің штат санын көбейтуді ұсынған еді.

Сондай-ақ, Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр.



Соңғы жаңалықтар