Қазақстанда су шаруашылығында 10 мыңнан аса адам еңбек етіп жүр

су шаруашылығы
Фото: Су ресурстары министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 9 шілде — Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің күні.  

Бүгінгі таңда «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандарын қосқанда еліміздің су саласында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Министр Нұржан Нұржігітов еліміздің су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметте табыс және отбасында бақыт-береке тілеймін. Сіздердің күнделікті жұмысыңыздың арқасында қазақстандықтар тіршілік нәрімен, ал ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы ел экономикасын дамыту үшін қажет су ресурсымен қамтамасыз етілген. Су тасқыны кезінде тәулік бойы жұмыс істеген мамандарға ерекше алғыс білдіремін. Климаттық жағдайларға байланысты биыл түрлі қиындыққа тап болдық. Дегенмен, сіздердің күш-жігеріңіз, біліміңіз бен жанқиярлық еңбегіңіздің арқасында тасқын суды қауіпсіз өткізіп қана қоймай, еліміздің су қоймаларын суға толтырдық», — деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Соңғы жаңалықтар