17:05, 04 Сәуір 2015 | GMT +5
Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрлымын қайта құру жүргізілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Су ресурстары комитеті суарылмайтын 600 мың гектар алқапты және 450 мыңнан астам жайылма суарылатын жерлерді суару үшін су шаруашылығы инфрақұрылымын қайта құру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы бүгін аталған комитеттің отырысында белгілі болды.

Комитет басшысы Ислам Әбішевтің айтуынша, ведомство бүгінде әкімдіктермен бірлесіп, жерлердің жарамдылығын бағалау, су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру үшін алдын ала естептеу жұмыстарын жүргізген.
«Ағымдағы жылы Алматы облысының Көксу ауданында және Жамбыл облысының Жамбыл ауданында жалпы ауданы 27,3 мың гектар алқапта суару жүйелері қайта қалпына келтіріледі», - деді ол.
Жалпы, Алматы мен Қызылорда облыстары жыл сайын су ресурстарының тапшылығын бастан кешіруде. Бұл мәселені шешу үшін комитет екі текше шақырымнан астам су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей ұсынысты жүзеге асыруға кірісіп кеткен.