Қазақстанда су тасқынына байланысты 1,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды

«Су тасқыны кезеңінің басынан бері республика бойынша 11 елді мекенде 192 тұрғын үйді (БҚО - 140, Ақтөбе - 41, Павлодар - 3, ШҚО - 6, Қарағанды - 2) және 78 саяжайды (Ақтөбе-78), сондай-ақ 3 әлеуметтік нысанды еріген қар суы басты. Суды бұру жұмыстары толығымен аяқталды. Ауқымды су тасқынына қарамастан, су басу салдарын жою және халықты құлақтандыру шаралары уақытылы жүргізілді, адам құрбандарына жол берілмеді. Барлығы 1 595 адам эвакуацияланды (БҚО - 912, Ақтөбе - 520, Павлодар - 10, Қарағанды - 117, ШҚО - 36), олардың 15-і уақытша эвакуациялау пункттерінде орналасқан (БҚО), 1 580-і үйлеріне оралды», - деді Ю. Ильин.
Оның айтуынша, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың 20 учаскесінде су тасқыны жалғасуда, 6 учаске және жергілікті маңызы бар 3 көпір шайылып кеткен.
«Су тасқыны кезеңі жалғасуда. 2022 жылғы су тасқыны кезеңінің өту қорытындысы бойынша министрлік тиісті қорытындылармен және ұсыныстармен өңірлерде төтенше жағдайлардың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларға егжей-тегжейлі талдау жүргізетін болады», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 285 елді мекен үшін су басудың ықтимал қаупі сақталып отыр