Қазақстанда су тасқынынан бүлінген 35 жол бөлігі қалпына келтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол жұмысшылары су тасқынынан бүлінген 35 жол бөлігін қалпына келтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақавтожол» РМК облыстық филиалдарының жұмысшылары су тасқынынан зақым келген республикалық маңызы бар автожол бөліктерінде нығайту жұмыстарын жүргізіп, ескерту белгілерін қойып жатыр. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Су тасқыны зақымдаған 35 жол бөлігі бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде жүру бөлігіндегі 180 метр жол жабыны, 7,1 мың метр жол жиегі және 13 дана су өткізетін құбырлар қалпына келтірілді. Қызыл судың жайылуы тоқтаған соң, қалған зақымдалған жол бөліктерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.