Қазақстанда су үнемдеу үшін қандай шара жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекшев ауыл шаруашылығын сумен қамту және су үнемдеу шараларын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің алдымызда өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы гидротехникалық жұмыстар қазір қалай жүріп жатыр?», - деп сұрақ қойды ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экология министріне.

Экология министрінің айтуынша, елімізде ұзындығы 21,5 мың шақырымға жуық 3,5 мың магистральді су каналы бар. Оның 9 мың шақырымын қайта құру бойынша жұмыстар жоспарланған.

«Мәселен, былтырға дейін 5,6 мың шақырым каналды қайта жаңарттық, 2025 жылға дейін қалған 6,4 мың шақырым каналды жаңартамыз. Нәтижесінде су шығыны шамамен 1,6 млрд текше метрге азаяды. Гидротехникалық құрылыстарға келсек, бес жыл бұрын ел бойынша 41 апаттық нысан болды, оның 16-сы жөнделді, биыл тағы алтауын қалпына келтіреміз, қалған 19-ын алдағы үш жылда қайта жаңарту көзделген. Бұл шамамен 8 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді Серікқали Брекешев.

Сонымен бірге 2025 жылға дейін республика бойынша 9 ірі су қоймасы салынады. Олардың жалпы көлемі 1,7 млрд текше метрге жетеді.

«Өткен жылғы Түркістан облысында Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасы пайдалануға берілді, қалғандары бойынша әзірге жобалау құжаттамасы әзірленіп жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде суару кезеңінде су шығынын 4 млрд текше метрге дейін азайтамыз», - деді министр.



Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото


Соңғы жаңалықтар