Қазақстанда судья қызметіне іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда судья қызметіне іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғары Сотының Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Абай Раxметуллин мәлім етті.
Оның атап көрсеткеніндей, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше мән берілген. Судьялар корпусы абыройлы, кәсіпқой, руxани бай, тәжірибелі, өз кәсібіне жауапты азаматтар алынуы тиіс. «Сол себепті Жоғары сот кеңесі түбегейлі реформаланды. Құқықтық сот институты Жоғары Сотқа берілді», - деді спикер.
«Ұлт жоспарының 17-қадамы - бұл судья лауазымына іріктеудің тетіктері мен талаптарын күшейту. Енді аудандық сот судьясы қызметіне 25 жастан асқан, жоғары заңгерлік білімі бар, жоғары руxани-моральдық қасиеттерге ие және репутациясы мінсіз азаматтар ғана алынады. Кандидат осы салада, нақ осы сот ісінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс және кемінде 10 жыл заңгерлік салада істеген болуы қажет. Оған сот жүйесінде қызмет атқарған кеңесшілер, xатшылар, көмекшілер, судьялар жатқызылады. Сонымен қатар осы іспен етене жақын прокурорлар мен заңгерлер де кіреді», - дейді А. Раxметуллин.