Қазақстанда суицид саны азайып келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда суицид оқиғасының саны азайды. Бұл туралы бүгін жоғары білікті балалар психиатры, медицина ғылымдарының кандидаты Сергей Скляр «Жастар арасындағы аутодеструктивті жүріс-тұрыстың алдын алудағы білім беру мекемелерінің рөлі» атты республикалық конференцияның барысында мәлімдеді.
«Соңғы он жылда Қазақстанда суицид санының азаюы байқалады. Соған қарағанда, күшті әлеуметтік факторлар - тұрақтылық, жұмыссыздық деңгейінің азаюы әсер етсе керек», - деп хабарлады Сергей Скляр.
Сарапшының мәліметтері бойынша, Қазақстанда жастар арасында суицидтің азайғанын статистикалық мәліметтер көрсетіп отыр. 2014 жылы кәмелеттік жасқа толмағандар арасында 248 өзіне-өзі қол жұмсау фактісі тіркелді. 2013 жылы бұл көрсеткіш 193-ті құрады.
«Егер 2009 жылдың мәліметтерін алсақ, суйцид саны 100 мың адамға шаққанда 23 адамнан, егер 2012 жылы сонша адамға 19,5-тен келеді», - деп қорытындылады Сергей Скляр.