Қазақстанда суперкомпьютерді қай компания жасайтыны белгілі болды

суперкомпьютер
Фото: Самұрық-Қазына қоры

АСТАНА. KAZINFORM - «Самұрық-Қазына», Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Presight Қазақстанда суперкомпьютер жасау жобасының негізгі шарттары туралы келісімге қол қойды. 

«Самұрық-Қазына», ЦДИАӨМ және Presight Қазақстанда суперкомпьютер жасау жөніндегі жобаның негізгі шарттары (Term Sheet) туралы келісімге қол қойды, бұл — елдің цифрлық инфрақұрылымның қарқынды дамып жатырған секторындағы маңызды сәт.

Тараптар суперкомпьютерді жасаудан бөлек, қазірдің өзінде құрылған SK-Presight AI LTD бірлескен кәсіпорны шеңберінде Қазақстанда деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) салуды жоспарлап отыр.

суперкомпьютер
Фото: Самұрық-Қазына қоры

БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруидің қатысуымен жасалған негізгі шарттар туралы келісім COP28 климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда (Дубай, желтоқсан 2023) қол жеткізілген келісімдерді нығайта түсті.

Осылайша тараптар Қазақстанда жоғары өнімді суперкомпьютер жасау үшін күш біріктіруге келісті.

Соңғы жаңалықтар